Жаңалықтар

Хош бол, аяулы ағам!

– Бұ тұқымның маңдайына жылда бір елге көш түзеу жазылған ғой? – деп еді шешем Һалифа 1978 жылы Қарқаралыға табанымыз тиген күні, – 1948 жылы, Гүлғайын (Күлкен) туған соң, Қарқаралы-Жаңатоғаннан Ақтоғайға бет алып едік. Қырық жылдан кейін, міне, Қарқаралыға қайтып келдік…

Шешеміз ентікпе деген дауасыз дертке ұшырап, ауасы ем болар деп, жер ауыстырып, Жиренсақал тауының етегіне келіп, көш басын тіреп едік.

– Комсомол шыңы ғой бұл! – деген шешем көгілдір тауларға сүйсіне көз тігіп, – Қасиетті Қарқаралы – осы! Мен осыдан отыз төрт жыл бұрын осы елге келін боп түскем… Əкең онда Ұзынбұлақта басқарма болатын. Əкеңнің шешесі Күлəнда марқұм осында – Ұзынбұлақта жатыр.

Бөтен жер, бөгде орта. Бауыр баса алмай, біраз дағдардық.

Суретте: Марат Райымбековпен бірге

Сол жылы Алматыда Ақтоғай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Жаманқұл Шайдаровпен кездесіп қалдым. Ескі Үкімет үйінің алдындағы гүлбақта серуендеп жүр екен. Көзге ыстық, еркелеп жүріп, етене жақын болып кеткен ел ағасына жүгіріп барып, сəлем бергем:

– Серік! Сен қайда жүрсің? – деген. Көзі өткір кісі еді, өңменімнен өтіп кете жаздады.

– Қарқаралыға көшіп кеткенбіз…

– Неге?

– Шешемнің денсаулығы сыр беріп, дəрігерлер жер ауыстыру керек деген соң…

– Қарқаралы мен Қызыларайдың айырмасы бар ма?! – деді Жəкең жақтырмай, – Дереу елге қайт!

Кір жуып, кіндік кескен елімнен осы Жəкеңнен басқа тірі пенде іздемеді мені! Жұмыс таба алмай, Жиренсақал мен Қарқаралы, Қарағайлының арасында біраз сандалғаным əлі есімде…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Мақаланың толық нұсқасын газеттің 15 тамызындағы №90 (23 266) санынан оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button