Спорт

Хоккейшілеріміз Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылып қалды

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында В тобындағы Қазақстан мен Латвия құрамалары кездесті. Бұл кездесуде отандастарымыз алаң қожайындарынан 7:0 есебімен жеңіліп қалды. Сонымен қатар, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен де айырылып қалды.

Латвия құрамасының сапынан Рихардс Букарц (16-минут), Оскарс Батнеа (18-ші), Мартинш Дзеркалс (22-ші), Родриго Аболс (30-шы және 52-ші), Микс Индрашис (40-шы) және Каспарс Даугавинш (50-ші) көзге түсті. 

Қазақстан құрамасының қоржынында әлі төрт ұпай бар. Ал, бұл ұпай команданың плей-офф кезеңіне шығуға жетпейді.

Қазіргі уақытта В тобында 15 ұпаймен Швейцария құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі сатыда 13 ұпаймен – Чехия, 11 ұпаймен – Канада құрамасы.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button