«Химикті» жерге қаратты

   Сенбіде «Сарыарқа» ресейлік «Химикпен» кездесті. Воскресенск қаласында өткен ойында қарағандылықтар мықты шықты.

Матчтағы қос шайба да екінші кезеңде соғылды. Алдымен, 27-ші минутта Станислав Альшевский Трушков қорғаған қақпаны дәл көздесе, он минуттан кейін Артур Сарваров есепті еселеді. 2:0. «Сарыарқалықтар» жеңіс жалауын желбіретті. Тиісінше, турнир кестесінде 10-шы сатыға көтерілді. Қоржында – 15 ұпай.

Кеше жерлестеріміз Чехов қаласында «Звездамен» мықтылық сынасты.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.