Қарағанды

Халықтың жомарт пейілі

Қарқаралы ауданында қазіргі ахуал аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, халықтың көмекке мұқтаж өзге де санаттағы өкілдеріне қолдау көрсету мақсатындағы қайырымдылық акциялары өтуде.

– «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы, аудандық полиция бөлімі және кәсіпкер Сая Мақашеваның қолдауымен еріктілер 56 отбасына азық-түлік таратты. Осындай сәтте бір-бірімізге қамқор болу – адамдық борышымыз, – дейді «JasStar» волонтерлік желісінің төрағасы Дәурен Рахымбек ізгі шаралар хақында.

Ауданда мейірім мен жомарттық танытушылар қатары көбейіп келеді. Мәселен, «Балауса» қайырымдылық қорының басшысы Нұрлан Оңғарбаев «Берлога» демалыс үйінің атынан  қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Халықтың пейілі мен ниеті бұл қиындықтан да алып шығары күмәнсіз.

Сағыныш ӘБІЛ

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button