Басты тақырыпЖаңалықтар

Халық тіршілігінің сапасы – дамудың кепілі

   Өткен 2016 жыл Қазақстан Республикасы үшін ерекше де, тартымды жыл болды. Еліміз болып, көпұлтты Егемен мемлекетіміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – ұлы мерекесін атап өттік. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен қиындықтарды жеңіп қана қоймай, жүйелі ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттердің жетістігі болып табылатын макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуші жүйелі түрдегі реформалар жүзеге асырылды.

    «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» Стратегиялары Тәуелсіздікті нығайтудың басты мақсаттары мен міндеттерін нақты көрсетіп берді. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы және 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ел Президентінің қойған міндеттеріне байланысты қазақстандықтардың бірігуі мен топтасуының қуатты факторы болып табылады.

    Біздің облысымыз 2016 жылы өзінің құрылғанына 80 жыл мерейтойын атап өтті.

    Еліміздің, облысымыздың және қаламыздың жетістіктеріне сүйене отырып, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданның да қарқынды дамуы жалғасуда.

Инфрақұрылымдардың

дамуы

    2017 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазыбек би атындағы ауданда 273300 адам тұрады, аудан аумағы 23,1 мың гектарды құрайды. 2016 жылы ауданымызда әлеуметтік маңызы бар құрылыстар бойынша жұмыстар жалғасын тапты. 320 орындық «Шаңырақ» мемлекеттік бала-бақшасы өз есіктерін айқара ашты, «Кең дала» шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп салынды. 2016 жылы 172866 шаршы метр баспана пайдалануға берілді, өткен 2015 жылмен салыстырғанда 11 % артық, оның ішінде бюджеттік қаражаттар есебінен 32193 шаршы метр тұрғын үй берілді. «Өңірлердің 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында баспананы келешекте сатып алу мен жалдау және жеңілдікпен несие беру тетіктерін пайдалануға орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға зәру есебінде кезекте тұрғандар санатынан 218 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Көптеген автожолдардың күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргі­зілді. Тұтас алғанда – 35,5 км жол жөнделді.

Ірі инвестициялар тартумен шағын және орта бизнес нысандарын дамыту және салу жалғасын табуда: «Қарағанды нан корпорациясы» ЖШС макарон өнімдерін өндіру, «ISS Engineering» ЖШС құбыр панельдерін дайындау жөніндегі желі іске қосылды, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС фармацевтикалық қоймасы пайдалануға берілді, «Алтын арба» сауда-фермерлік орталығы салынып және өзге де нысандар іске қосылды. Бұл жетістіктер бізге жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, тұрғындардың жайлы және ыңғайлы тұрмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаңа салық түсімдері есебінен бюджеттің ұлғаюына алып келеді.

Ауданды

абаттандыру

    Жыл сайын қалалықтардың салауатты өмір сүруі және демалысын өткізу үшін демалыс орындары көбеюде. Аудан тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатында есептік кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен Волочаевская көшесі, 39 үйдің ауласы абаттандырылды. Бұл аталған үйдің «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» республикалық бағдарламаға қатысу мүмкіндігінен туды. Ағымдағы 2017 жылы төрт аула аумақтарын абаттандыру бағдарламаның үй қатысушылары мен Академиялық музыкалық комедия театрының гүлзарын қайта жөндеу жоспарланып отыр.

Аудан жағдайының маңызды саласы – санитарлық жағдайды лайықты деңгейде қамтамасыз ету үшін қомақты жұмыстар атқарылды. Көктемгі-күзгі кезеңде аумақтарды санитарлық тазалау бойынша айлықтар өткізілді. Аудан тұрғындары бұл шараларға оң көзбен қарап, ауданымызды тазалау үндеуіне бірлесіп ат салысты. Оған 177000 адамнан астам қатысқан 12 сенбілік өткізіліп, 6800 астам ұйым, 114 бірлік техник жұмылдырылды. 2900 м3 астам қоқыс шығарылды. Күзгі-көктемгі кезеңде 2000-нан астам жасыл желек егілді.

Ағымдағы жылы рұқсат етілмеген қоқыстарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді, 5690 м3 қоқыс шығарылды. Одан басқа дезинсекциялар мен дератизацияларды алдын алудың кешенді шаралары өткізілді.

Ауданның 161 көшесінде автомобиль жолдарын, әлеуметтік нысандар, 65 жүргін және кіреберіс жолдарды күтіп ұстау қызметтері қарастырылған. Бұларды атқарумен «Көркейту» КМК айналысады, оған негізгі жүру жолдары ғана емес, сондай-ақ тұрақтарды, аялдама қалталарын, жаяу жүргін және техникалық тротуарларды тазалау жөніндегі кешенді шаралар жатады.

Сонымен қатар, 2016 жылы Кривогуз көшесі бойындағы нөсер кәріздерін тазалау, Мұқанов-Тәттімбет көшелерінің, Орбита ықшам ауданы қиылысын қалпына келтіру («Карагандинец» дүкені) бойынша жұмыстар атқарылды. Көрсетілген іс-шаралар барысында көктемгі кезеңде кәріздің өткізу қабілеті артады, автожолдар мен тұрғын үйлерді су басу қаупін төмендетеді.

2016 жылы құрылған жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс белсендірілді. «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтау бойынша жұмыстарды аудан аумағында тұрақты негізде жүргізеді. 2016 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3135 хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар 2943 ескерту хаты мен ұйғарымы шығарылды.

Ауданды тіршілікпен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

мәселелері

   Біздің жұмыстарымыздың басты бағыттарының бірі – ауданның аула аумақтарын абаттандыру және аудан тұрғындарын жылумен, сумен, электрмен, газбен үзіліссіз қамтамасыз ету болып табылады. Ауданның тұрғын қоры 1487 көпқабатты үйлерден тұрады, оның ішінде 1418 үй орталық жылу қазандығынан жылытылады, 5 үй жеке қазандықпен және 64 үй жылыту пешін қолданады.

2016-2017 жылғы жылыту маусымына барлық үйлер уақытылы қосылды және жылумен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Шахтерлер даңғылы – Республика даңғылы жылу тораптары учаскелері ауыстырылды. Облыстық бюджет есебінен бөлінген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Ермеков көшесінен Газалиев көшесіне дейін жылу тораптарының учаскелері ауыстырылды. Сондай-ақ, тарифтық смета шегінде 14313 қ.м (қума метр) жылу торабының құбырлары ауыстырылды, оның ішінде 1063 қ.м. магистральды тораптар, 13250 қ.м. таратушы тораптар.

Мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Гоголь көшесінде, Сәтбаев көшесінен Гудермесская көшесіне дейін құбыр ауыстырылды. Жұмыстар инновациялық көлденең-еңістік бұрғылау әдісімен жүргізілді, бұл жол полотноларын толық ашып тастамауға мүмкіндік береді. 24,4 шақырым су құбыры ауыстырылды, су құбыры торабындағы 629 апаттар жойылды.

2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде 3850 м кәріз жүйесі ауыстырылды, ал өз қаражаттары есебінен «Қарағанды Су» ЖШС-мен 4,8 км кәріз тораптары және 450 м бас коллектор жаңартылды (Ермеков көшесі). Кәріз тораптарындағы 12 707 кептетіліс жойылды, 58,4 шақырым кәріз торабы жуылып тазаланды.

2016 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС 64,16 шақырым электр торабы ОТП (орталық тарату пунктері) және 89 КТШ (кешенді трансформаторлық шағын станциялар) алмастырылды.

Қоқыстарды және қарды уақытылы шығару бойынша жеке үй иелерімен жұмыс жүргізілді, ауданда 11 мыңнан астам жеке үй бар.

Халықпен

өзара әрекет

   «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ азаматтық хал актілерінің 9 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Барлығы бір жыл ішінде 23878 бірлік мемлекеттік қызмет көрсетілді, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 22% көп. Соның ішінде 5602 қызмет альтернативті негізде азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде көрсетілді. 16 237 қызмет – «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің бөлімдері арқылы және 2039 қызмет- «Электронды Үкімет» порталы арқылы көрсетілді.

Әкімнің халықпен жыл сайынғы есептік кездесуі ауданға оң әсерін тигізеді. 2016 жылы 68 өтініш түсті, оның ішінде кездесу барысында 30 өтінішке жауап берілді, 25 өтініш есептік кезеңде орындалды, сонымен қатар аудан тұрғындарынан 12 алғыс хат түсті.

2016 жылы аудан әкімі аппаратында азаматтардан келіп түскен өтініштер саны – 958, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 198 өтінішке аз.

Үкімет, облыс әкімі және қала әкімі блогы арқылы 257 өтініш тіркелді. Бұл был­тырғы жылмен салыстырғанда (2015 ж. – 201) 56 өтінішке көп, бұдан шығар қорытынды қазіргі ақпараттық технологияларды пайдаланудың белсендірілгені байқалады.

Аудан әкімінің және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы- жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес өткізіледі. Есептік кезеңде аудан әкімі аппаратының жеке қабылдауында 120 адам болды.

Сыбайлас

жемқорлықпен күрес

    Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанда бекітілген №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ тиісті жоспар әзірлеп, дайындады, осыған сәйкес есептік кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:

– Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды оқыту бойынша, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қарағанды облысының мемлекеттік қызметтер істері жөніндегі департаментінің өкілдері және Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен алты семинар өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілері жыл сайын және уақытылы кірістер туралы декларацияны тапсырады;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына ақпараттық стенд рәсімделді, әкімнің және оның орынбасарларының жеке қабылдауы бойынша жұмыс жүргізіледі, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін почта жәшігі орналастырылған.

– № 8(7212)300771 сенім телефоны орнатылған, оған ауданның кез келген тұрғыны хабарласа алады, веб-сайт жұмыс істейді.

– «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Аудандағы қауіпсіздік

    Жергілікті полиция қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі қоғамдық орындар, оның ішінде көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу және оның алдын алу болып табылады.

Қазыбек би ауданы бойынша құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 60 шұғыл-профилактикалық іс-шаралар («Нөлдік төзімділік», «Наркотиксіз көше», «Заңды сақтау», «Профилактика» және т.б.) өткізілді.

Статистикаға көз жүгіртсек 2016 жылы аудан бойынша қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық істер саны 2735-ке, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға кемігенін байқауға болады. Қазыбек би ауданының көшелерінде жасалған қылмыстық істер көрсеткіші – 944, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 22,6 пайызға кем.

Ішімдік тауарларын сатуға байланысты заңдылықтарды бұзу бойынша тұрғындар арасында тұрғылықты түрде жұмыстар жүргізіліп отырады. Қоғамдық орындарда ащы сусындарды пайдаланғандары үшін 2644 адам жауапкершілікке тартылды, бұл көрсеткіш те, яғни мас түрінде қылмыс жасау фактілерінің 22,9 пайызға азайғандығын көрсетеді.

Сөз жоқ, жан-жақты ұйымдастыру және тәжірибелік шараларды оңтайлы жүргізу жұмыстарының нәтижесі тәртіптік құқықтың жалпы жағдайына оң әсерін тигізді. Аудан бойынша криминогендік жағдай тұрақты.

Әлеуметтік сала

   Жұмыстың тағы бір маңызды саласы, ол – әлеуметтік сала. 2017 жылдың 17.01 жағдайы бойынша ауданда 43528 зейнеткерлер, 66 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 4247 тыл ардагерлері, 2254 көп балалы отбасы, асыраушысынан айрылу жәрдемақысын алатын 4924 адам, мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетін 17495 адам тұрады. Тұрғындарға көмек көрсету бойынша ауданда 28 медициналық мекемелер,оның ішінде – 4 облыстық диспансер (онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық, балалар психоневрологиялық) жұмыс істейді. Аудан әкімінің аппараты ардагерлер Кеңесі, Қазыбек би атындағы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы және қолдаушылардың көмегімен тұрақты түрде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ауданның көп жасаушы тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға тұрғылықты түрде көңіл бөліп тұрады.

Өткен жылы 16 көп балалы аналар «Алтын Алқа» және «Күміс Алқа» алды.

Қоғамымызда кеңінен атап өтілетін мерекелердің бірі – Наурыз мерекесін тойлау.

2016 жылы Наурыз мерекесі алғаш рет Достар Үйінің алаңында өтті, 6 киіз үй және 7 палатка орнатылып, 500 ден астам көп балалы отбасылар, балалар үйінің және мүгедек балалар демеушілер ұйымдастырған қайырымдылық асқа шақырылды.

2016 жылдың 28 желтоқсанында Балалар мен Жасөспірімдер сарайында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі мен аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қайырымдылық Жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жыл мерекесіне мүгедек, жетім балалар орналастырылған «Лучик Надежды», «Арман», «Қамқор», «Үміт» сияқты қоғамдық бірлестіктер мен көп балалы отбасында тәрбиеленуші, барлығы 250 бала қатысты.

2017 жыл айтулы мерекелер мен мерейтойларға толы: «ЭКСПО-2017» арнайы халықаралық көрме Астана қаласы, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017, ауданымыз есімін мақтанышпен атай­тын қазақ халқының ұлы кемеңгері Қазыбек бидің 350 жылдығы. Үстіміздегі жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын атап өтеміз.

Татьяна ШАТОХИНА,

Қазыбек би атындағы

аудан әкімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button