АймақШахтинск

«Халық тану» сыйлығы табысталды

Астанада «Халық тану» республикалық қоғамдық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. «Серіктес» номинациясында Шахтинск қаласының Жастар ресурс орталығының жетекшісі Жасұлан Хамитов үздік деп танылды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Сыйлықты тапсыру бес номинация бойынша өтеді. Халықтық дауыс беру нәтижелері бойынша экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың үздік басшылары мен қызметкерлері, қайырымдылық жасаушылар, ерлік жасаған адамдар және басқалар марапатталады.

– Байқау туралы әлеуметтік желілерден білдім. Алдымен іріктеу, содан кейін сайтта ашық дауыс беру болды. Қарағанды облысынан мен конкурсқа жалғыз қатыстым. Құжаттарды “Серіктес” номинациясына тапсырдым. Ол барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен, жүйелі, үйлесімді жұмысты көздейді. Мұндай жұмыс бізде жолға қойылған. Енді біз республика көлемінде өз тәжірибемізбен бөлісетін боламыз. Менің жеңісім – бірлескен жұмыстың нәтижесі. Қазақстан халқына қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамын. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келеді. Ол еліміздің әрбір тұрғынына жаңа жеңістер, ішкі тілектердің орындалуы, мықты денсаулық, отбасында амандық әкелсін, – дейді Жасұлан Хамитов.

«Халық тану» республикалық қоғамдық конкурсын өткізудің бастамашысы – «Сарыарқа» заң консультанттарының құқықтық орталығы.

– «Халық тану» – бұл жай ғана халық наградасы емес. Бұл керемет адамдарды, оқиғаларды, өмірді жарқын, қызықты ететін, басқаларды алға жылжуға ынталандыратын компанияларды күнделікті өмірде байқау қабілеті, – дейді ұйымдастырушылар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button