Қарқаралы

Халық құрметі – қапысыз

      Тұңғыш Президент күні мейрамын Қарқаралы ауданының тұрғындары ауқымды атап өтті. Аудан орталығындағы салтанатты шара шымылдығы айбынды Әнұранмен түрілді.

Бүгінгі күнге дейінгі жетістіктер түзіліп, жаңа белеске қадам басқан мемлекетіміздің даму жолындағы Елбасының орнын айқындаған бейнероликтер көрсетілді. Елбасының еңбегін, өнегелі өмір сапарын айшықтаған жыр үзінділері оқылды. Аудан әкімі Халел Мақсұтов бұл мереке – ұлтына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Елбасыға халықтың көрсеткен құрметі екендігін атап өтті.

Салтанат барысында бір топ жасқа «Нұр Отан» партиясының партиялық билеті табысталды.

Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген Р.Мұстафина, Л.Іргебаева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, А.Шыңғысов, Г.Жүнісова, Г.Сланбекова, З.Мұқанова Алғыс хатпен марапатталды.

Жиын соңы патриоттық әндер кешіне ұласты.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button