Жаңалықтар

Хабарландыру

   Қарағанды қаласының өнертапқыштары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарын біріктірген Халықаралық «ТОМ: Kazakhstan» әлеуметтік жобасының екінші кезеңін өткізу басталды.

2017 жылдың 10 қарашасында сағат 10:00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «ТОМ: Kazakhstan» әлеуметтік жобасының екінші кезеңі басталады, онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жаңашылдар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған прототиптерді дайындауға кіріседі.

«ТОМ» мейкатонының екінші кезеңінде студенттер, оқытушылар, медиктер, инженерлер, робототехниктер, ІТ және басқа да мамандардан тұратын 10 команданың алдына қойылған мақсат – өмірге қабілетті прототип жасау. Прототиптің өмірге қабілеттілігін анықтаудағы басты критерий – пайдаланудағы ыңғайлылығы, дайындаудағы қарапайымдылығы, бағасының қолжетімділігі. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін әр критерийге сәйкес, мейкатон барысында инженерлер, медиктер, ІТ мамандары көмекке келетін болады. Мейкатонның ұзақтығы әлемде қалыптасқан дәстүр бойынша прототипті жасаудың 72 сағатты үздіксіз процесін құрайды.

Айта кету керек, осындай мейкатондар 2014 жылдан бері АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Израйль, Бразилия, Канада, Австралия және Вьетнамда өткізіліп келеді. Қазақстандағы және ТМД аймағындағы алғашқы ТОМ жобасы 2017 жылдың мамыр-тамыз айларында Павлодар қаласында жүзеге асырылған. Енді, 10-13 қарашада өткізілетін мейкатон нәтижелерінкөру мүмкіндігіне ие боламыз. Жобаны Қарағанды облысы әкімшілігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университеті достарының қауымдастығы» ЗТҚ мен «ERG Көмек» корпоративтік қоры Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жүзеге асырылады.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Гоголь көш.40, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button