Жаңалықтар

Хабарландыру

   Халықаралық «ТОМ Kazakhstan» әлеуметтік жобасы Қарағанды қаласының өнертапқыштары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды біріктіреді.

2017 жылдың 7 қазанында сағат 10.00-де Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде    «ТОМ Kazakhstan»  жобасының бірінші кезеңі өтеді, онда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу жөнінде идеяларды дайындау үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен жаңашылдар жиналатын болады. Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі  жандардың толыққанды өмірін ұйымдастыруға бағытталған, қолдануға ыңғайлы, қолжетімді бағадағы прототиптерді  жасау. Идеяларды прототипте жүзеге асыру жобаның екінші кезеңі, бастамашылар нон-стоп тәртібінде жұмыс істейтін мейкатон – 72 сағаттық марафонда жүргізіледі.

Жобаның қатысушылары – студенттер, оқытушылар, медиктер, инженерлер, робототехниктер, ІТ және қазақстандық өзге де мамандар.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» арқылы Қарағанды облысы әкімдігімен серіктестікте, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің қолдауымен іске асырылады.

Өтетін орны:  Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40 үй, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button