Аймақ

Гранттар мен жеңілдетілген несие беру: Қарағанды облысында кәсіпкерлерді қолдау артады

Биыл облыста 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 1,6 млрд. теңге сомасына 324 шағын несие беру жоспарланған.

Сурет: Ашық дереккөз

Елімізде жастар кәсіпкерлігін дамытуда жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. 2,5 пайызбен жүзеге асатын шағын несие 5 жыл және мал шаруашылығымен айналысатындар үшін 7 жыл аралығына беріледі. Бұл жаңадан кәсіп бастауға ынталы топ үшін таптырмас мүмкіндік. Жоба іске қосылғаннан бері аймақтағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы филиалына 108 өтініш келіп түскен. Берілуі керек жалпы қаражат көлемі  494,3 млн.теңгені құрады. Атап айтқанда, 166,5 млн. теңге көлемінде 36 шағын несие берілсе, комиссия 219,4 млн. теңгеге 48 өтінімді мақұлдады. Жалпы көлемі 199,5 млн. теңге болатын 44 өтінімді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарастырылуда. Комиссия шешемімен құны 75,4 млн. теңге сомасындағы 16 өтінімді қаржыландырылмады.

Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 206 адамға грант беру жоспарланды. Нәтижесінде, 52 грант берілді. Оның ішінде 22 грант көп балалы отбасы мүшелеріне, 15 грант мүмкіндігі шектеулі адамдарға, 10 грант мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға, 3 грант асыраушысынан айырылған адамдарға, 2 грант аз қамтылған отбасы мүшелеріне берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button