Спорт

Головкин жақын арада рингке шықпайды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) біраз уақытқа дейін жекпе-жек өткізбейтін болды. Бұл туралы мексикалық Хайме Мунгуианың бапкері (41-0, 33 КО) Эрик Моралес GGG-мен ықтимал жекпе-жегі туралы сөз еткенде мәлімдеді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин орта салмақта WBA және IBF чемпионы болғанымен, бірнеше апта бұрын титулдарын босатқан болатын. Ал, Zanfer және Golden Boy промоутерлік компаниялары Мунгуяның қазақстандықпен жұдырықтасуына қызығушылық танытқанымен, Моралес Геннадийдің біраз уақыт жекпе-жек өткізбейтінін естіген.

Осылайша, Головкин мен Мунгуя арасындағы ықтимал жекпе-жек жақын арада өтпейтін болды.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button