Спорт

Головкин – үздіктер қатарында

BoxRec порталы боксшылардың салмақ дәрежесіне қарамай, үздіктердің жаңартылған рейтингін ұсынды. Бұл қатарда жерлесіміз Геннадий Головкин де бар.

Соңғы бір айдың ішінде бұл рейтингте біршама өзгерістер орын алған. Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген әлем чемпионы Девин Хэни украиналық боксшы Василий Ломаченконы жеңгеннен кейін VIII орынға көтерілген.

Ал, жаңартылған рейтингте жерлесіміз V орында тұр. Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз рингке соңғы рет былтырғы жылдың қыркүйегінде шыққан. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Канело Альварестен айласын асыра алмады. Одан бөлек, орта салмақтағы WBA және IBF титулын босатып, тек IBO белбеуіне ғана иелік етіп қалды.

BoxRec порталының жариялаған жаңа рейтингі:
1. Сауль Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Россия)
3. Теренс Кроуфорд (США)
4. Наоя Иноуэ (Япония)
5. Геннадий Головкин (Казахстан)
6. Джервонта Дэвис (США)
7. Шакур Стивенсон (США)
8. Девин Хэйни (США)
9. Реджис Прогре (США)
10. Хуан Франсиско Эстрада (Мексика)

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button