Спорт

Головкин рейтингтен шығып қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы соңғы жағдайларды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты. 

Рейтинг көрсеткіші бойынша Геннадий Головкин алдыңғы 15-ке де кірмейді. Негізгі себеп – қазақстандық боксшының чемпиондық белдігін қорғаудан бас тартуы. Яғни, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы Геннадий Головкин кубалық Эрисланди Ларамен кездесуі керек еді. Тіпті, жауапты ұйым оны міндеттеді. Бірақ, Головкин промоутерлік саудаға қатыспады.

Сәйкесінше, чемпиондық белдік енді жекпе-жексіз Лараға беріледі. Оның алдында бразилиялық Эскиво Фалькаомен де кездесуге келіспей, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін босатқан болатын. Енді жерлесіміздің қолында бір ғана атақ қалды. Яғни, ол қазір – IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин биыл 41 жасқа толады. Бүгінге дейін кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42-сінде жеңіске жетті.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button