Спорт

«GGG» мен «Qazaq style» – көш басында

Танымал The Ring журналының сайты орта салмақтағы үздік кәсіпқой боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Бұл нұсқада үш қазақстандық боксшы үздіктердің қатарында тұр.  

Рейтингте әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастаса, одан кейінгі сатыда WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тұр. Жәнібек Әлімханұлы осыдан бір апта бұрын канадалық Стивен Батлерді жеңіп, рейтингте ІІ орында тұрған мексикалық Хайме Мунгуяны ІІІ орынға ығыстырып, өзі жоғары көтерілген. Ал, WBO International белбеуінің иегері тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов – VIII сатыда.

The Ring нұсқасы бойынша толық 10 орта салмақтағы ойыншылар келесідей:

  1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
  2. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
  3. Хайме Мунгиа (Мексика)
  4. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
  5. Лиам Смит (Ұлыбритания)
  6. Сергей Деревянченко (Украина)
  7. Эрисланди Лара (Куба)
  8. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан)
  9. Феликс Кэш (Ұлыбритания)
  10. Кіші Крис Юбанк (Ұлыбритания)

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button