Генрих Цертик: «Қазақстандықтар өздері сенім артқан үміткерге дауыс береді»

ГФР Бундестагының депутаты Генрих Цертик Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

«Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы Қазақстан билік ауысуын жылдам әрі демократиялық жолмен өткізуге бет алғанын байқатты. Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша Президент болып тағайындалды. Дегенмен, халықтың өзі сайлаған басшының орны бөлек, құны жоғары болатыны белгілі. Сондықтан Ққазақстандықтар өздері сенім артатын лайықты үміткерге дауыс береді деп сенемін», — деді Генрих Цертик.