Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте орнын сақтап қалды

Футзалдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы ақпан айындағы әлемдік рейтингі жарияланды.

Бұл жөнінде Futsalworldranking.com сайтында жаңа рейтинг белгілі болды.

Ел құрамасы 1570 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. Бесінші орында Аргентина тұрса, жетінші орынға Иран жайғасқан.

Әлемдік рейтингте алғашқы он орындағы құрамалар:

1. Бразилия – 1796 ұпай
2. Испания – 1771
3. Португалия – 1753
4. Ресей – 1671
5. Аргентина – 1650
6. Қазақстан – 1570
7. Иран – 1569
8. Марокко – 1496
9. Украина – 1457
10. Парагвай -1445.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының элиталық сатысына жолдама алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button