Спорт

Футболдан әлем чемпионатының өту тәртібі бекіді

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшылық кеңесі 2026 жылғы әлем чемпионатының өту тәртібін бекітті, деп хабарлайды Оrtalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

ФИФА-ның хабарлауынша, енді 2026 жылы АҚШ; Канада мен Мексикада өтетін әлем чемпионатына 48 елдің ұлттық құрама командалары қатысады. Мундиальдың топтық турнирі 72 матчтан тұрады. 12 топтың әрқайсысына төрт құрамадан бөлінеді. Әр топтан екі құрама, сондай-ақ 3-орын алғандар арасынан 8 үздік команда 1/16 финалға жолдама алады. Жарыста барлығы 104 ойын болды.

Әлем чемпионаты 56 күнге созылады. Финал 2026 жылғы 19 шілдеге белгіленді.

Аталған ұйым осыншама мемлекеттің командаларының әлемдік додаға қатысатынын 2017 жылы жариялаған еді.

Бұған дейін әлем чемпионатына 32 құрама қатысып, 64 матч ойналатын еді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button