Спорт

Еуропа лигасы жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалына жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды. Олардың қататында «Севилья» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Рома» (Италия) және «Байер» (Германия) командалары бар.

Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Севилья» мен Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары арасында өтті.

Алғашқы ойын 2:2 есебімен тең аяқталған еді.

Бұл жолы испаниялық клуб қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, елорда уақытымен «Спортинг Лиссабон» (Португалия) – «Ювентус» (Италия) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді. Алғашқы ойында италиялық клуб 1:0 еесбімен жеңіске жеткен еді.

Оған қоса жарыстың аталған сатысында Бельгияның «Юнион Сен-Жилуаз» клубы Германияның «Байеріне» 1:4 (бірінші ойын 1:1) есебімен жеңілсе, италиялық «Рома» Нидерландтың «Фейеноордынан» 4:1 (бірінші ойын 0:1) есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, Конференция лигасында жартылай финалға «АЗ Алкмаар» (Нидерланд), «Фиорентина» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) және «Базель» (Швейцария) командалары шықты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button