«Ертегінің» ертеңгілігі

    Қарағанды қаласындағы №12 «Ертегі» балабақшасында «Жаңа жыл келді бақшама» тақырыбында жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

    Ертеңгілікте балақайлар түрлі ертегі кейіпкерлерінің, жыл атауларының кейпіне еніп, би билеп, тақпақ айтып, өнерлерін көрсетті.

    «Ертегі» балабақшасы балақайларының бәрі өнерлі. Шара барысында балаларының өнерлеріне тәнті болған ата-аналар да риза. Тәрбиеші Айдана Серікованың жетекшілігімен дайындалған тартымды шара балалардың таным көкжиегін кеңейте түсті. Яғни, шара арқасында балалар қазақша жыл атауларын үйреніп, жыл мезгілдеріне арналған тақпақтарды жатқа айтты.

    Мерекеде ән де айтылды, би де биленді. Балабақша балақайларының қуанышында шек жоқ.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.