Спорт

Ермаков – екі дүркін Азия чемпионы

Пара армрестлингтен Біріккен Араб Әмірлігінде (Аджман қаласында) өткен Азия чемпионатында қарағандылық Никита Ермаков алтыннан алқа тақты.

Аталмыш чемпионатқа әлемнің 20 елінің кіл мықтылары жиналған. Бұл жолы жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарын қапыда қалдырды. Осылайша жерлесіміз армрестлингтен екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, ол өткен жылы Самарқандта (Өзбекстан) өткен құрлықтық біріншілікте 55 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үздік атанған болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button