Жаңалықтар

Ерлік сабағын өткізді

     «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің бас штабының сержанттар мен жұмыс істеу бөлімшесінің нұсқаушы сержанты К.МАДИЯРОВ, Қарағанды қаласында шоғырланған Ұлы Отан соғысының екі мәрте батыры Талғат Бигельдинов атындағы Жас ұлан әскери мектебінде жоғары сынып тәрбиеленушілеріне арнап ерлік сабағын өткізді.

Білікті маман сабаққа жан-жақты дайындалып келіпті. Ол өзінің күнделікті қызметтері мен тапсырмалары жайлы әңгімелеп беріп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, мектепке жауынгерлік жабдықтары мен кадет корпусы туралы бейнероликтер көрсетті. Тәрбиеленушілер болса, кадет корпусы жайлы біраз мағлұмат алды.

Айта кетейік, сержант К.Мадияров – Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусының түлегі. Әскери қызметтің абыройы, Отанды қорғаудың маңызы және жауынгер не сержант болудың құрметті мамандық екендігін үлгі етті.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button