Жаңалықтар

Ерлік көрсеткен өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі марапатталды

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ №7 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғаныс кіші сержанты Бақытжан Сәдуовты қысылтаяң жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Алғыс хатпен марапаттады, — деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сәдуов 2019 жылдың 4 ақпанында екі баланы өрттен құтқарып қалған. Оқиға Октябрь ауданының 15-ықшамауданында болған. Өрт сөндірушілер 9 қабатты үйден шыққан жалынмен арпалысып, тұрғындарды құтқару операциясын жүргізеді. Дәл, осы кезде кіші сержант Бақытжан Садуов үйдің екінші бетінде көмек сұраған балаларды байқайды. Дереу автосатыны орнату туралы шешім қабылдап, құтқарушылардың келуін күтпестен, 8қабатта тұрған екі баланы жерге алып түседі. Бір ажалдан аман қалған балалардың ата-анасы дер кезінде көмекке келген өрт сөндірушілерге шексіз ризашылықтарын білдіруде.

Басқа материалдар

Back to top button