Бас тақырып

Ерлердің даңқы мәңгілік

9 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесі Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов және басқарма басшылары қатысты. Сондай-ақ, бұл күні майдан даласында қаза тапқан отандастарымызды еске алу үшін «Мәңгілік алау» мемориалына қарағандылықтар да жиналды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

«Ерлердің даңқы мәңгілік» деген жазуы бар стеланың етегіне гүл шоқтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, облыстық полиция департаменті, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметшілері, мәслихат депутаттары, еңбек ұжымдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және тағы басқалары қойды.

Ауғанстанда, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында бітімгершілік контингентінің құрамында соғысқан интернационалист-жауынгерлер де тағзым етті.

Гүл қойғаннан кейін жиналғандар сұрапыл соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ардагерлерді үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ермағанбет Бөлекпаев 99 жастағы Мария Шинкевичтің отбасында болды. Ол 19 жасында әскери қызметке шақырылып, әйелдердің мергендер мектебінде оқыған. Үшінші Беларусь және бірінші Украин майдандарында соғысқан. Сондай-ақ, Чехословакияны азат етуге қатысқан. Ал, Жеңісті Прагада қарсы алған.

Мария Шинкевич ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуков», «Украинаны азат еткені үшін» мадальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда кадрлар жөніндегі инспектор, экономист болып жұмыс істеді. 1983 жылы облыстың сауда басқармасынан зейнет демалысына шықты.

Одан соң Ермағанбет Қабдулаұлы 101 жастағы ардагер Сұңғат Саттығұловтың шаңырағына барып, майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ол майданға Алматы әскери жаяу әскер училищесінде оқығаннан кейін 18 жасында шақырылған. Сталинград маңындағы шайқастарға қатысқан. Жарақат алып, ауруханада емделгеннен кейін майданға оралған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1947 жылы демобилизациядан кейін Алматы облысының Шамалған құрылыс техникумын бітіріп, көп жылдар бойы құрылыста еңбек еткен.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 11 соғыс ардагері мен мүгедектері тұрады. Олар Жеңіс күніне орай 2 млн. теңгеден материалдық көмек алды.

Сондай-ақ, тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттарға белгілі бір мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілгенін айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button