Ерлан Қошанов су басу қаупі төнген ауылға барды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов су басу қаупі төнген Шет ауданындағы Қызылқой ауылына барып, жағдайды өз бақылауына алды. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің «Твиттер» парақшасында хабарлады.

«Бүгін Қызылқой ауылында болдым. Жағдайды жеке бақылауыма алдым. 13 бірлік техника мен 30 ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Су астында қалған 2 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Су мөлшері азайған соң, үйлерді қалпына келтіруге көмектесеміз», — деп жазды Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысының хабарлауынша, тасқынның алдын алу үшін нақты шаралар қолға алынған. Барлық жауапты қызметкерлер  тәулік бойы әрі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.