Қарағанды

Еркіндікке бастар жол

  №18 жалпы білім беретін орта мектепте «Өзі-өзі тану» адам­гер­шілік-рухани білім беру бағдар­ла­масы аясында тұлғаның да­муын қа­лыптастыру, отбасы құн­ды­лық­­тарын насихаттау, балалар құ­қы­ғын қорғау мақсатында іс-шара өтті.

«Жауапкершілік – еркіндікке жету жолы» атты сыныптан тыс өткен шараға оныншы сынып оқушылары қатысты. Сабақты биология және өзін-өзі тану пәні мұғалімі М.Жүнісбекова жүргізіп, жауапкершіліктің адам өміріндегі маңызына шолу жасады. Сабақта оқушылардың тақырыпты дамытудағы ой-өрісін өрбіту мақсатында бірнеше сұрақтар талданды.

Ғұлама ойшылдардың осы тақырып шегінде айтылған бірсыпыра толғаулары оқылып, «Бақа» жайында айтылған аңыз әңгіме тобықтай түйін болып сөз соңына үйлесе кетті. «Бостандықтың алғы шарты адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі» деп ой тұжырымдаған оқушылар өмірлік белестерді бағындыру жолындағы мақсаттарымен бөлісті.

Г.САТМОЛДИНА,

№18 жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button