Спорт

Еркін күрестен төрт қазақ балуаны финалға шықты

Бүгін күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы күнінде төрт қазақ балуаны финалға өтті.

Атап айтсақ 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күресіп жатыр. Солардың арасынан қазақ балуандарынан Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалға дейін жетті. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады.

Жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін сайысқа түседі. Кеше еркін күрестен жарыстың алғашқы күнінде қоржынға 2 алтын, 1 қола бұйырған болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button