АймақҚарағанды

Ерекше балаларға – ерекше жағдай

Қарағанды облыстық Білім басқармасының мәліметінше ерекше білім беру қажеттіліктері бар 350-ден астам студент облыс колледждерінде білім алады. Осыған орай аппараттық кеңесте аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев оларға кедергісіз орта құрып, сапалы білім алу үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

– Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі өткір тұр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер санын көбейту керек, бұл үшін колледждерде олардың жайлы оқуы үшін жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау қажет. Мен QazaqGaz ұлттық компаниясының мамандарымен кездестім, олар газдандыру бойынша жұмысшы мамандарды даярлауға мүдделі және дуальды оқыту шеңберінде ынтымақтасуға дайын, – деп атап өтті өңір басшысы.

Биылғы оқу жылында ерекше балаларға облыс колледждерінде білім алу үшін 4 мамандық бойынша 47 грант бөлінген.

– Колледждерде инклюзивті және арнайы топтар құрылды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен 43 педагог-психолог және 2 сурдопедагог жұмыс істейді. 350-ден астам педагог біліктілікті арттыру бойынша оқудан өтті. Ерекше балалар 14 мамандық бойынша білім алуда. Олар арнайы әдебиеттермен және бейімделген бағдарламалармен қамтамасыз етілген, – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button