Медицина

Эпидахуал – тұрақты

Жер-жаһанды құрсаулап алған індет Қытайда өршіп тұр. Ауырғандар мен қайтыс болғандар саны басым. Ал елімізде эпидахуал тұрақты. Ауырғандар болғанымен, өлім-жітім тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізде 1750 адам коронавирус
инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандар арасында алты адамның жағдайы ауыр, бес пациенттің жағдайы өте ауыр, екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Аймақта жыл басынан бастап 25 қаңтарға дейін коронавирус инфекциясының 205 жағдайы тіркелді, оның ішінде 192 жағдай (93,7%) симптомдармен, 13 жағдай (6,3%) симптомсыз. Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері (2020 жылдың наурызынан бастап) 2023 жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша барлығы 162 099 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте бір науқас
тіркелді. Облыс «жасыл» аймақта. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есе өсті. Одан бұрын 44 жағдай болса, соңғы аптада 78 жағдай. Қытайдағы жағдай әлем елдерінде алаңдаушылық тудыруда. Жергілікті халықты вирустан емдеуде паксловид, молнупиравир және бұрын АИТВ-ны емдеу үшін қолданылған жергілікті микромолекулалық препарат қолданылуда. Қытайлықтар вакцианың өлімнен сақтайтындығын алға тартып отыр.

Сағыныш ӘБІЛ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button