Қарағанды

Елімнің бақытын тербеткен

    Тәуелсіздік мерекесіне Қарағандыдағы мектепке дейінгі мекемелер ертеңгіліктер арнауда. Ел бойынша аталып өтетін айтулы мерекеге «Балақай» балабақшасының бүлдіршіндері де өзіндік үлестерін қосты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан!» атты ата-аналардың қатысуымен бірлескен көрме ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында ересек топтарда «Ата Заң – ардағым» атты тақырыптық сабақтар аптасы өткізілді. Сонымен қатар кештер «Әке, ана және мен – салауатты отбасы!» спорттық шарасына жалғасты. Ата-аналар атсалысып, бүлдіршіндер мерекелік көңіл-күйде тақпақтарды жатқа айтты. Өткізілген шаралар барысында тәуелсіз елдің болашағы жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсаты көзделді. Туған жері мен елін сүю арқылы егемен еліміздің ертеңін тәрбиелеу басты орынға қойылды. Бүлдіршіндер шара барысында тақпақ, өлеңдерді жатқа айтып, сөздік қорларын молайтты. Шағын көріністерді сахналау арқылы мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларға құрметпен қарап, мақтан тұту керектігін ұғынды. Ата-аналар шара барысында «Балақай» балабақшасының ұжымына алғыс білдірді.

Анар ЖАЙЛАУБАЕВА, «Балақай» балабақшасының тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button