Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?
Елімізде 1 мамырдан бастап бірқатар өзгеріс орын алуда.
Бірнеше күн қатарынан демалыс
Мамырдағы мерекеге байланысты қазақстандықтар бірнеше күн қатарынан демалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды. Бұл жолы ведомство демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырға, яғни сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған. Осылайша, биыл қазақстандықтар 7, 8, 9 мамырда үш қатарынан демалады. Ал сенбі, яғни 4 мамыр жұмыс күні болып бекітілді.
Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Елімізде жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды. «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына Қазақстанның барлық азаматы, сондай-ақ 18 – 63 жас аралығындағы қандастар қатыса алады. Бағдарлама аясында өтініш қабылдауды «Отбасы банкі» жүзеге асырады. Бағдарламаның шарты бойынша өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде мүлікпен, сондай-ақ тіркелген жылжымайтын мүлікпен ешқандай мәмілесі болмауға тиіс. Егер уақытша немесе ескірген тұрғын үй әлі де тұрғын үй ретінде рәсімделсе, оларға банк ипотека рәсімдеуден бас тартады.
Ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемесі тұрғын үй алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7%, қалған азаматтар үшін 9% құрайды. Бастапқы жарна-тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды. Егер жылжымайтын мүлік Астанада немесе Алматыда болса, 36 млн теңгеге дейін және қалған елді мекендерде мүлікті таңдау кезінде 30 млн теңгеге дейін алуға болады. Несие 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі, содан кейін тұрғын үй заемына ауысады және ставка төмендейді. Өтінімдер 1 мамырдан 1 шілдеге дейін қабылданады. Ең бастысы, аталған бағдарлама аясында «Отбасы банкінде» депозит ашып, кем дегенде 1 млн теңге салу қажет.
Жаңа жол белгілері
1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады.
Бұл өзгерістер гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер үшін міндетті сәйкестендіру белгісін қамтиды.
Сондай-ақ «электрлік скутерлерде жүруге тыйым салынады» деген жаңа жол белгісі енгізіледі. Ол жаяу жүргіншілер жолына орнатылады.
«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі», «параллель жолға қайта тұру» және параллель жол бітеді» деген жаңа жол белгілері енгізіледі.
Астана әуежайы енді түнгі рейстерді қабылдамайды және шығармайды
Биыл 1 мамырдан бастап 24 желтоқсанға дейін сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін елорда әуе айлағы әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін жабық болады. Шектеу 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.
Дәрігерлердің жауапкершілігі жеңілдетіледі
Қара металл сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу уақыты ұзарды
Астанадан Прагаға әуе рейстері қайта ұшады
186 мың түлек мектеп бітіреді
Мемлекеттік кірістер органдары букмекерлік кеңседе ойнайтындар туралы ақпарат алады
– ақша қаражатының сомасы, ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты;
– жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алу күні мен уақыты туралы ақпараттарды тапсырады.
Ұлттық Банк жаңа базалық мөлшерлемені жариялайды
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы наурызда 9,1%-ке дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА