Аймақ

Елімізде -43 градусқа дейін аяз болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің шығыс аймақтарында -43 градус аяз болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Ал еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын соғады.

Ауа температурасы түнде батыс аймақтарда – 5-15 градус, солтүстік-батыста -10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда -15-25 градус суық. Орталықта -15-25 градус аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-15 градус аяз болады. Ал еліміздің шығысында -33-43 градусқа дейін қатты аяз күтілуде.

Басқа материалдар

Back to top button