Спорт

Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингте үздік үштікке ену мүмкіндігі артты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос кешенінде өтіп жатқан Франция чемпионатының ашық біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде. Ол осы қарқынынан жаңылмаса, әлемдік WTA рейтингіндегі орнын жаңартуға үлкен мүмкіндігі бар. Қазгі уақытта аталған турнир аяқталмаса да рейтингтің live-нұсқасы бойынша үздік үштіктің қатарында тұр.  

Рейтингтің live-нұсқасы бойынша біршама өзгерістер орын алған. Отандасымыз VI  орыннан ІІІ  сатыға көтерілді. Ал, І орында тұрған польшалық Ига Швентек ІІ орынға түсті. Бұған дейін екінші болып келе жатқан беларусьялық  Арина Соболенко көш бастады.

Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады. Сондай-ақ теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде көрсеткен өнеріне де байланысты болмақ.

Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Енді екінші айналымда чех спортшысы Линда Носковамен бақ сынасады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button