Спорт

Елена Рыбакина чемпион атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Inform.kz-тің мәліметінше, Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Бірінші партияда Елена Рыбакина тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (13:11).

Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған жарыста Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингіде 7-орынға көтеріледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button