Спорт

Ел құрамасы келесі кезеңде

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының екінші іріктеу турнирінің бесінші тобында Словения командасымен кездесті. Отандастарымыз бұл кездесуде жеңіске жетіп, жарыстың элиталық сатысына жолдама алды.

Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Матчта Альтерт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов пен Тайнан гол салды. Сөйтіп, Қазақстан 10 ұпай жинап, 1-орынмен аяқтады.

Қазақстан екінші іріктеу сынындағы алғашқы ойынын Словения құрамасымен өткізген болатын. Бұл кездесуде отандастарымыз қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген. Одан кейін ел құрамасы Черногорияны 7:0, 5:1 есебімен ұтты.  

Ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары ойнаған. 2021 жылы IV орын иеленген болатын.

2024 жылғы әлем чемпионаты өтетін ел әзірше анықталған жоқ. Ол келесі жылдың қыркүйек-қазан аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button