Ел құрамасы ерлеп тұр

«Болашағын айқындап,

сын-қатерлерді күтіп

отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы мықтылық танытуда. 23 ақпанда 2 алтын, 2 күміс, 1 қола, жалпы саны – 5 медальды қанжығаладық.

Нақты айтқанда, бесінші жарыс күні биатлоншыларымыз – Галина Вишневская мен Ян Савицкий алтынмен апталып, Василий Подкорытов пен Елена Коломина күміспен күптелді. Ал, Алина Райкова қола медальды жеңіп алды. Осылайша, осы күнге дейінгі жалпы медальдар саны 12-ге жетіп, көңіл қуантты. Оның үшеуі – алтын, төртеуі – күміс, бесеуі – қола медаль.

Алтыншы жарыс күнін де ел спортшылары табысты бастады. Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытай командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтып, 26 ақпанда өтетін кезекті қарсыласы күншығыс елінің құрамасымен кездесуге мүмкіндік алды.

Фристайлшы Юлия Галышева Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды. Спортшы қыз жұп могул жарысында чемпион атағына ие болды. Сонымен қатар, аталмыш жарыс түрінен ерлер арасында отандасымыз Дмитрий Рейхерд қола медальді қолдан бермеді. Қос фристайлшыларымыз қоржынымызға 1 алтын, 1 қола медаль алып, мерейімізді үстем етті.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.