Басты тақырыпРуханият

Ел қорғаны

Өзгеден сөз сұрамаған.

Өзгеге сөз қалдырмаған.

Ел мен елді елдестірген.

Жұрт пен жұртты селбес­тірген.

Қаздауысты Қазыбек заманында қазақ баласы қамсыз жүрген заман болған.

Қазақ баласының есесі кетіп бара жатқан жерде қамшысын ортаға салған.

Қытайдың Боғдыханымен де, жоңғардың қонтайшы­сымен де, орыстың патшасымен де қазақ тілінде елдескен. Жауласу қауқары бола тұра елдестіктен аспаған.

Қазақ даласының иесіз қалған заманы өткен.

Қазақ хантауының иесіз тұрған заманы болған.

Сол тұста әлгі хантауына ұлтандар өлермендікпен ұмтылған.

Ол зәузаттық жадының құлы еді. Ол жад бойынша хантауы қазақ баласының басын біріктіретін құты еді.

Ол қазақ баласының басын біріктіретін киесі еді.

Қазақ даласы үшке бөлініп кеткенде ұшы қиырсыз жерге, қисапсыз елге, мөлшерсіз мүкәмалға ие болып қалған. Соған қарамастан ол бірігуге жанталасты. Қазақ баласының ертеңі бірлікте деп білді.

Қара бола тұрып ханның сөзін сөйлеген.

Қарашасы бола тұра хандыққа ұмтылмаған.

Күткен күн келген.

Хан Абылай болып!

Хантауына Абылай отырды!

Ол Абылай арқылы қазақ елінің бірлігіне жетті.

Сол елі тарих елегіне тағы да түсіп кеткен.

Сонда да қазақ баласы еленіп кеткен жоқ.

Содан беріде қазақ баласы бірігуге жанталасып келеді.

Қазыбек бабамыз осыдан 350 жыл бұрын дүниеге келген екен. Қазақ баласының басын қосуға себепкер болып. Ұлт қорғаны болып ғасыр жасады.

Қалған ғұмыры ел қорғаны болып өтіп жатыр.

Ол бүгінде ел қорғаны!

Ұлт ретінде аман қалған қазақ баласы ел ретінде жойылып кету алдында тұрған.

Құтқарушы болып Нұрсұлтан келген!

Кешегі Абылай отырған хантауында Нұрсұлтан отыр!

Қазағы біріккен елдің қалған жұртын біріктіремін деп.

Бүкіл қазақстандықтарды Қазақ туының астына жинаймын деп.

Қазыбек баба тойы ел көлемінде аталып өтпек.

Қазақстандықтардың бірігу тойы болып.

Той құтты болсын, қазақстандықтар!

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button