Ел намысын қорғады

Қарағандылық «Сиқырлы ел» үлгілі хорео­графия­лық ансамблі халықаралық конкурстан Гран-при же­ңіп алды.

Еуропа, ТМД мен Ресей елінің жас өнер­паздары қатысқан байқау қаңтар айының 7-сі мен 10 аралығында Қазан қаласында өткен бо­латын. Қарағандылықтар «Жетістік» халық­ара­­лық конкурс-фестивалінің балалар және жас­­­өспірімдер шығармашылығы байқауына «Хорео­графиялық ұжымдар» аталымы бойынша қатысты. Бүлдіршіндер Гран-приден бөлек, «Же­­тістік» аталымындағы тағы екі бірінші орынды қанжығасына байлады. Қазақ, татар, неміс би­лерімен көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шығып, “Солтүстік” биі арқылы бас жүл­деге лайық деп танылды.

Айта кеткен жөн, халықаралық сайыста олар Қазақстанның атынан шығып, ел намысын қорғаған жалғыз ансамбль болды. Бүгінгі таңда Ирина Ваземнің басшылығындағы «Сиқырлы ел» үлгілі хореографиялық ансамблі әртүрлі сайыстар бойынша 39 Гран-придің иегері.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.