Жаңалықтар

«ЭКСПО» – әлем көзімен

«Қытай тарапы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуға аса зор ықылас білдіріп отыр. Айтулы шарада Қытай Халықаралық сауданы ілгерілету жөніндегі кеңес, Энергетика министрлігі және Туризм министрлігі сияқты құраммен болуды жоспарлады.

Біз Астанадағы көрмеге Қытайдың тәжірибелерінен ең үздік екі жобаны қатыстыруды дайындадық. Бұлар – Қы­тай Халық республикасы мемлекеттік электрожелілері корпорациясының және Яд­ролық-энергетика кор­пора­циясының жобалары. Дегенмен, Қытайда көптеген компаниялар өздерінің шараларын Астанадағы үш ай бойы өтетін Халықаралық көрмеде көрсеткісі келетінін айтқым келеді. Осыған байланысты қазіргі күні Ұйымдастыру комитеті белсенді жұмысқа кірісті. Өз тарапымыздан айтар болсақ, біз Қытайда «ЭКСПО-2017» көрмесін ілгерілетуге байланысты роуд-шоу өткізуге дайынбыз».

Ван ЧИНЖЕН,

(ҚЫТАЙ)

«ЭКСПО-2017» павильоны жөніндегі комиссар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button