Екпе алу ұстаздарға міндет пе?
Қарағанды қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Наталья ГОЛОВИНАҒА Instagram желісінде ата-ана тарапынан «Мектеп жасындағы балаларды вакцинациялауға бола ма?» деген сұрақ қойылды. Басқарма басшысы осы жөнінде желідегі тікелей эфирде өткен жиналыста мәлімдеме жасады.
– Балаларды вакцинациялауға ешкім мәжбүрлемейді. Өткен жылы да біз балаларды COVID–19-ға қарсы екпе алуға міндеттеген жоқпыз. Алайда, мұғалімдер қазірден бастап, ревакцинациядан өтіп жатыр, – деп жауап берді Наталья Владимировна.
Оның сөзіне сүйенсек, оқу үдерісінің бәсеңдемеуіне һәм үзіліссіз білім беруге бірден-бір көмек ол уақытылы екпе алу.
«Мұғалімдердің жыл басынан бергі алған екпелерін бүгінгі таңда біз арнайы бақылап отырмыз. Барлық ұстаздар жұмысқа еш кедергісіз шығуы үшін вакциналарды алып жатыр», – деп атап өтті Наталья Головина.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.