АймақШахтинск

Экомарафоншылар орман алқабын қоқыстан тазартты

Шахтинск қаласының №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшінші мәрте «Жүгіре отырып тазалаймыз» атты экологиялық марафон өткізді. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Марс Замалиевтың бастамасымен ұйымдастырылған акция қала маңындағы орман алқабында өтті.

Биылғы акцияға Саран қаласындағы мектеп оқушылары да қатысқан. Шара барысында орман шаруашылығына жауапты қызметкер оқушыларға орман тазалығы мен қауіпсіздік жайлы ережемен таныстырды. Оқушылар 500 метр жерді жүгіре отырып, орман алқабын қоқыс қалдықтарынан тазартты.

– Осы шараға 40 оқушы қатысты. Келер жылы жалпы білім беретін мектептерді жұмылдыруды жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, іс-шара соңында жеңімпаздарға медаль мен түрлі сыйлықтар табысталды. Және барлық экомарафоншылар да бұл шарадан құр қол қайтпады, – дейді Марс Замалиев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button