Спорт

Екінші боксшымыз жартылай финалда

Отандасымыз Нұрбек Оралбай да Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

80 келідегі боксшымыз Нұрбек Оралбай ширек финалда иорданиялық Хуссейн Эйшайш Ишайшпен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қарсыласы Азия чемпионы, сары құрлықтың үш дүркін қола жүлдегері. Алайда, отандасымыз қарсыластан айласын асырып, жекпе-жекті өз пайдасына шешті.

Нұрбек Оралбай құрама команда сапынан Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан екінші боксшы. Бұған дейін команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) шыққан болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button