Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысында аптап ыстыққа, ал  Солтүстік Қазақстан облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.  

«6 маусым күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 40°С аптап ыстық болады деп болжанып отыр», — деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар 6 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, ал күндіз басым аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні 23 м/с болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 6 маусым күні күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді деп болжануда. 

Дереккөз:  sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.