Жаңалықтар

Екатерина Айдова Әлем кубогында рекорд орнатты

АҚШ Солт-Лейк-Сити қаласында өткен конькимен сырғанаудың  халықаралық турнирінде қарағандылық Екатерина Айдова сегізінші орынды иеленді. Оның ақтық мәредегі уақыты – 1.13.7. Бұл нәтиже Екатерина Айдованың жеке тәжірибесінде және Қазақстанның жаңа рекорды болып тіркелді.


Халықаралық турнирде американдық спортшы Бриттани Боуи жеңіске жетті. Ал екінші және үшінші орынға Михо Такаги және Нао Кодайра есімді жапондық қыздар ие болды. Жарыс 500, 1000, 1500 метр және масс-стартта өткізілді, сондай-ақ әйелдер 3000 метр, ал ерлер 5000 метр қашықтықта бақ сынасты. Оларға әлем кубогының бес кезеңі қорытындысы бойынша 12 үздік спортшы қатысты.

 

Басқа материалдар

Back to top button