Облыс әкімдігінде

Эканомикада серпін бар

Облыста барлық негізгі бағыттарда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталуда. Дамудың нәтижесі бес айдағы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру жалпы сомасы 1 трлн. 671,5 млрд. теңгеге болжанып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде 3%-ға өсу күтілуде. Атап айтқанда, 20-дан 28%-ға дейінгі деңгейде шойын, жалпақ болат прокаты, тазартылған мыс өндірісі 1%-ға артады, – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Болжам бойынша, бес айда облыстың негізгі капиталына 13% өсіммен 257,8 млрд. теңге инвестиция салынуы тиіс. Құрылыс 3%-ға өседі деп күтілуде. Алдын ала деректер бойынша 195 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,4%-ға артық.

Ауыл шаруашылық саласының мал шаруашылығында тұрақты өсім бар. Жалпы алғанда салада оң динамика байқалады.

Аймақта 90 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда олар 2,6%-ға артты.

Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда индикаторлардың көпшілігі оң динамикада. Өнеркәсіп, әсіресе, өңдеу секторы, құрылыс, саудада бес айда өсім бар. Пандемияға байланысты табысы төмендеген қоғамдық көлік бойынша көрсеткіштерді арттырамыз. Жоспарланған индикаторларға қол жеткізуде жұмысты жандандыру, барлық шараларды қабылдау қажет. Жұмысты күшейту керек, – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Басқа материалдар

Back to top button