Жаңалықтар

ЕҢБЕККЕР ҚҰҚЫҒЫ – қорғауда

   Бейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек БАЛСАРИЕВ облыс кәсіпорындары тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына байланысты тексеру қорытындыларын жариялады.

Облыстық еңбек инспекциясына ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 2334 өтінім келіп түскен. Соған орай мемлекеттік еңбек инспекторлары жылдың тоғыз айында 1015 ұйымды тексерген. Жүргізілген тексеріс барысында 712 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек қатынастары саласы бойынша – 631, еңбек қауіпсіздігі жағынан –74, жұмыспен қамту тұрғысында – 7 заңға қарсы әрекет тіркелген.

Облыстық еңбек инспекциясының тексеру қорытындылары бойынша 346 ұйғарым берілген. Бұл ретте «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып, жұмысшының қорғалу жағдайы ескерілген. Әсіресе, биыл облыста еңбек қатынастары саласында – 322, еңбек қауіпсіздігі жағынан – 19, жұмыспен қамту тұрғысында – 5 ұйғарым бекітілген. Еңбек қауіпсіздігі бойынша жыл басынан бері 123 оқиға орын алса, 140 адам зардап шегіп, 25 адам жан тапсырған.

Қанатбек Балсариевтің айтуынша, биыл 1 тамыздағы деректер бойынша еңбек инспекциясына мониторинг жүргізу мақсатында 3565 ұжымдық келісім-шарт ұсынылған. Олардың 172-сі  ірі кәсіпорындармен жасалатын ұжымдық келісім-шарттар. Осы орайда облыста үшжақты алқаның қатысуымен әлеуметтік әріптестік бойынша мәжілістер өткен.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button