Бас тақырып
Дубайда қазақ тұлпары тағы топ жарды
БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Al Maktoum Challenge бәйгесінде 12 тұлпар жарыс жолына шықты.
Оның ішінде экс-чемпион Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.
Енді Тілек Мұхамбетқалиев тізгіндеген тұлпар наурыз айында Дубайда өтетін бүкіләлемдік кубокта бақ сынайды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.