Достықтың алтын көпірі

Қазақстан – бір шаңырақ астына бірнеше ұлт өкілдерін жинап, басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстанда тұратын әрбір ұлт тәуелсіз Қазақстанымен мақтанады. Елімізде этнос өкілдерінің тілі мен мәдениетін дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі этнос тілдерін дамыту бойынша  біршама жұмыстар атқаруда. Осы орайда, жыл сайын «Славян жазбалары және мәдениеті күні», «Түркі жазбалары және мәдениеті күні», көктемнің алғашқы күндері «Дакия» румын орталығымен бірлесе «Мэрцишор» кештері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазақстан – өзінде тұратын халықтардың тіліне ерекше көңіл бөліп, «Тілдер күні» мерекесін тойлайтын бірден-бір мемлекет. Әр жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай қаламыздағы этнос өкілдерінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы жылы өз салт-дәстүрімен қоса тілдерін оқытуда, насихаттауда, қаламыздың мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген этнос өкілдері  қала әкімінің атынан марапатқа ие болды. Келер жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде қаламызда тұратын этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін дәріптеу мақсатында үлкен көлемде фестиваль өткізу жоспарлануда.

Кезінде тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жеріне көшіп келген түрлі ұлт-өкілдері бүгінгі күні бір аспанның астында бейбіт өмір сүруде. Тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен арманы ортақ біртұтас халыққа айналдық. Бұл достығымыздың беріктігінің белгісі.  Барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасқандығы.

 

Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.