Жаңалықтар

Доллар бағамы 497 теңгеге түсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,95 теңгеге арзандады. 

Сурет dknews.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астанадағы валюта айырбастау орындары 1 долларды 505 теңгеден сатып, 498 теңгемен сатып алуда. Ал, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497,88 теңге. Еуро 518 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,34 – 5,48 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,33 теңге. Еуро — 520,11.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button