Облыс әкімінің жұмыс сапары

Диспансерде ота жасау 5 есеге артады

2022 жылы облыстық онкологиялық диспансерінде жаңа заманауи операциялық бөлмелер ашылады. Осының арқасында операциялардың саны бес есеге артады. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК қала үшін маңызды нысанның ғимарат құрылысымен танысты.

Жаңа операциялық-реанимациялық бөлімі – бұл галерея арқылы онкологиялық диспансерге қосылған құрылыс. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек 7-ші тасжолды күрделі жөндеуден өткізу барысын да тексерді. Терешкова көшесімен қиылыстағы жерде тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Су өткізгіштер төселді. Жол төсемдерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шілденің ортасына дейін мұнда үш қабат асфальт төселеді.

Аймақ басшысы Қарағанды қаласының спорт мекемелерінде болды. Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында ол жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттығу барысымен танысты. Мұнда облыстың жетекші спортшылары жаттығады.

Содан кейін әкім Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды. Мұнда 500-ден астам бала 7–11 сынып аралығында оқиды және спорттың 18 түрімен шұғылданады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button