Облыс әкіміОблыс әкімінің жұмыс сапары

АҚТОҒАЙ – АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС АЛАҢЫ ауданда жол жөнделіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ

Кеше облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына келді. Аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Кездесудің басында сөз алған аймақ басшысы алдымен жағымды жаңалығымен бөлісті.

– Ақтоғай ауданы бойынша алдымызда сапалы ауыз су, тұрақты электр жарығы, тұрғын үй құрылысы төңірегінде және ауылға жас мамандар бағыттау секілді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Көптен бері тұрғындар тарапынан айтылып жүрген Ақтоғай-Балқаш, Ақтоғай-Қарағанды бағытындағы тас жол мен ауылішілік жолдарға биылғы жылы 1 миллиард теңге қарастырып отырмыз, – деді Жеңіс Махмұдұлы. Бұдан кейін облыс басшысы жиналғандармен бірге Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуованың есебін тыңдады.

Салтанат Мірәсілқызы былтыр ауданда мемлекеттік бағдарламаларға сай атқарылған жұмыс барысы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына тоқталды. Аудан әкімінің айтысына қарасақ, ауданда мал басының өсімі бар. Сондай-ақ, аудан бойынша тұрғын үй құрылысы жанданып, абаттандыру жұмыстары да жақсы қарқын алған.

Аудан әкімінің есебінен соң Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарының сұрақ-сауалдарына кезек берді.

«АрселорМиттал Теміртау» өткен жылы 44 жергілікті компаниямен жұмыс істеді. 2022 жылы олардың саны 56-ға дейін артады. Компания өңірдің тауар өндірушілерін жалпы сомасы

85 млрд. теңгеге тапсырыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артық.

жергілікті кәсіпорындардан тауарлар мен қызметтерді 25 млрд. теңгеге сатып алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 млрд. теңгеге артық.

Бірінші болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сыздықов сөз алды.

Әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстар аясында отандық өндірушілерді қолдау және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.

– Ақтоғайлықтардың бүгінгі күнгі ең өзекті ең өткір тұрған мәселесі – электр жарығы. Бұл проблема айтылғалы да аз уақыт болған жоқ. Жеңіс Махмұдұлы, осы мәселенің шешімі тікелей сізге тіреліп тұр. Өзіңізге белгілі, біздің ауданға пойыз жүрмейді, ұшақ ұшпайды. Біздің қаламен байланысымыз – тек, тас жол. Сондықтан, сізге айтар өтініш-тілегіміз – Қарағанды бағытындағы Ақтоғай мен Ақсу-Аюлы аралығындағы 100 шақырымдық жолдың жөндеу жұмысына көмек берсеңіз. Қымбатшылық күннен күнге өршіп барады. Бағаны тұрақтандыру қолға алынса, – деп көптің көкейінде жүрген шетін мәселелерді алға тартты.

Облыс басшысы аталған мәселелерді шешу жолында тиісті жұмыстар қолға алынғанын айтты.

– Осы электр энергиясына қатысты мәселе облысымыздың төрт ауданында болды. Ақтоғайдан өзге аудандарда бұл проблема шешімін тапты. Енді Ақтоғай ауданының мәселесін шешеміз деп отырмыз. Ақтоғай-Шет ауданы аралығындағы жолдың жөндеу жұмысына осы жылы 700 млн. теңге қаржы бөліп отырмыз. Бұл қатып қалған сома емес, алдағы уақытта тағы қосымша қаржы қарастырамыз. Иә, қымбатшылық тұтас елімізде шырқап тұр. Бізге халық тұтынатын тауардың негізгі бөлігі сырттан келеді. Соған сәйкес нарық бағасын ырықтау қиынға соғып тұр, – деп бұлтақсыз нақты жауабын берді әкім.

Шашубай кентінің тұрғыны Д.Кәріпбаева кенттегі бос үйлердің тағдырына алаңдаушылық білдірді.

– Қараусыз, қаңырап тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру жұмысы қолға алына ма? – деді кент тұрғыны.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек Шашубай кентінде абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін, осы жылы 100 пәтер пайдалануға берілетінін, бұл мақсатта 1 млрд. теңге инвестиция тартылғанын алға тартты.

– Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты Н.Мангишев Шашубай кентінің

коммуналдық саласына қатысты ұсыныс айтты.

– Шашубай кентінің ауыз су, кәріз желісі мен жылу беру қызметі Балқаш қаласына берілсе, кенттегі қызмет көрсету сапасы жақсарар еді, – деді депутат.

Облыс әкімі бұл мәселе біраз дайындықты қажет ететінін айтты.

– Балқаш қаласы әзір дайын емес. Жақында Шашубай кентіне жұмыс сапарымен барамыз. Сол кезде Балқаш қаласының әкімі де қатысатын болады. Бұл мәселенің біржақты шешілуіне жұмыс жасаймыз. Екі жылдың көлемінде шешімін табады, – деді әкім.

Сарышаған кентіндегі кезек күттірмес мәселелер де осы жиында көтерілді.

– Сарышаған кентіндегі бес қабатты үй – апаттық жағдайда. Тұрғын үй құрылысын

жандандыру қажет. Сонымен қатар, жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанулары үшін кентке спорт кешені қажет. Көшелер асфальтталып, жарық шамдары қойылуын халық күтіп отыр, – деді Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты Б.Қалақбасов.

– Аудан көлемінде түйіні тарқатылмаған мәселе баршылық. Десе де, түңілмейік. Елдің ертеңіне үмітпен қарап, сабыр сақтайық. Атқа мінген азаматтардың мінін ғана термей, жақсы ісін де көрейік, – деген бәтуалы сөзін ортаға салды.

Кездесуден кейін Жеңіс Қасымбек ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

Суреттерді түсірген Руслан ҚАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button